Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

20 Маусым 2023, 11:15 795

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 447,15 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,33 теңге.

19 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,29 теңгеге төмендеп, 447,37 теңге болған. Ресей валютасы 5,32 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447–451 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 447,5–450,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,19–5,43 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,26–5,36 теңгеден саудаланып жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: