Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеруінің себебін түсіндірді

Бүгiн, 12:09 144

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша брифинг өткізді. Жиын барысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляцияға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz тілшісі.

Тимур Сүлейменов қазан айында жылдық инфляция 8,5%-ға дейін көтерілгенін айтып өтті.

Қыркүйек айында ол 8% болған еді.  Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі сәл бәсеңдегенімен, нарықтық қызметтер, әсіресе байланыс пен көлік саласында бағаның айтарлықтай өсуі тіркелді. Қазан айында айлық өсім 0,9% құрап, тарихи орташа көрсеткіштен (0,7%) едәуір жоғары болды, - деп нақтылады ол.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, жылдық болжам бойынша инфляция 12,5% деңгейінде болады деп күтілуде.

Қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың артуы белгісіздікке, инфляциялық күтілімдердің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұнай нарығындағы жағдай да алаңдатады. Мәселен, Қытай тарапынан сұраныс төмендеп, АҚШ-тың жаңа президентінің саясатына қатысты белгісіздік сақталуда. Сонымен қатар Солтүстік және Оңтүстік Америкада мұнай өндірісінің артуына байланысты ұсыныстың артуы болжанып отыр. Осыған байланысты базалық сценарий бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы болжамды кезеңнің соңына дейін 70 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді, - деп түсіндірді төраға.

2024 жылға инфляция болжамы 8-9% аралығында нақтыланды. Ал 2025 жылы инфляция деңгейі бұған дейінгі болжамнан сәл жоғарылап, 6,5-8,5% аралығында қалыптасуы мүмкін. Бұл ішкі баға қысымының өсуіне байланысты. 2026 жылы қатаң монетарлық саясат бағаның өсу қарқынын 5,5-7,5% деңгейіне дейін баяулатуға ықпал етеді. Жалпы, инфляцияның 5%-дық деңгейіне 2027 жылы қол жеткізу жоспарланып отыр.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: