Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының соңғы матчын Норвегияға қарсы өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттар лигасының алтыншы туры аясындағы ойын Осло қаласындағы «Уллеволь» стадионында Норвегия құрамасына қарсы өтті. Матч алаң қожайындарының пайдасына 5:0 есебімен аяқталды. Ал норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанн хет-трик авторы атанды.
Норвегия – Қазақстан – 5:0 (3:0)
Голдар: Холанн 23, 37, 71, Серлот 41, Нуса 76
Ескерту: Айымбетов 43, Жақсылықов 88
Норвегия: Сельвик (қ), Райерсон, Эстигор, Грегерсен (Лангос 73), Педерсен (Эггем 62), Нуса, Торсбю, Берге, Торстведт (Берг 62), Серлот (Ларсен 62), Холанн (к) (Рослер 85);
Қосалқы құрам: Дюнгеланн (қ), Мюра (қ), Каманзи, Берг, Хеуге, Деннум, Мюре, Йонссен;
Бас бапкер: Столе Сольбаккен.
Қазақстан: Покатилов (қ), Вороговский, Әліп, Қасым, С.Астанов, Тапалов (Исламхан 46), Тағыберген (к) (Балтабеков 90), Зайнутдинов, Самородов (Э. Астанов 68), Чесноков (Пайруз 51), Айымбетов (Жақсылықов 46);
Қосалқы құрам: Шацкий (қ), Анарбеков (қ), Жақсыбаев, Жұмаханов, Дарабаев, Асранкулов, Кәрімов;
Бас бапкер: Станислав Черчесов.
Төрешілер: Яспер Вергооте, Мартейн Тистерс, Михаэл Гееролф;
VAR төрешілері: Ян Ботерберг, Михил Аллартс;
Қосалқы төреші: Кевин ван Дамм (бәрі – Бельгия).
17.11.2024. «Уллеволь», Осло.