06.09.2024
21:00
1283
Ұлттар лигасы: Қазақстан мен Норвегия матчы тең есеппен аяқталды

Ұлттар лигасы: Қазақстан мен Норвегия матчы тең есеппен аяқталды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында алғашқы кездесуін Норвегия ойыншыларына қарсы өткізді. Матч Алматының Орталық стадионында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Кездесу қорытындысы бойынша ойын 0:0 есебімен аяқталды. Енді Норвегияға қарсы ойын 11 қарашада өтеді.  

Ал 9 қыркүйек Қазақстан футболшылары Словенияға қарсы ойын көрсетеді. Матч Любляна қаласындағы "Стожице" стадионында өтеді.