«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы Нұрбек Матжани ұлт құруға байланысты бірде-бір іргелі еңбек қазақ тіліне аударылмағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оны айтудан шаршамаймын, себебі ол өте маңызды жұмыс. Біз ғылыми айналымға енгізу үшін кітап болу керек. Ол Бенедикт Андерсон болсын немесе басқасы болсын. Біз 20 шақты кітапты қазақ тіліне аударған кезде оның 2-і орыс тілінде, ал қалғаны қазақ тілінде жоқ болып шықты. Менің ойымша, ұлт құру және азаматтық бірегейлікті күшейтуді екі үлкен санатқа бөліп қарастыру керек секілді. Біріншісі академиялық, шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне арналған. Әсіресе қазақ тілінде. Екіншісі ол көпшілікке арналған. Тарих қандай болды, нарративтер қандай болуы керек дегендей, - деді Нұрбек Матжани.
Сарапшы қазіргі таңда қоғамда 2 кейс барын айтты. Біріншісі, бізге мүлде қатысы жоқ Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыс біздің ішкі проблемаға айналып кетті.
Бұл діни бірегейліктің бәрі бір де бар екенінің көрсеткіші. Ал менің түсінігімде азаматтық бірегейлік ең маңыздысы зайырлылық болу керек. Осы идеяны ғылыми негіздеумен көпшілікке жеткізу мәселесі бар, - деді ол.
Екінші мәселеде «Оян қазақ» фильмін мысалға келтірді.
«Оян, қазақ» фильмінен көрерменнің алған әсері мен түйген ойынан елде азаматтық бірегейлікпен проблема бар екенін көруге болады. Адамдардың санасына әсер ету, ұлт құру концепциясы тұрғысынан дұрыс меседждерді қалыптастыруда жаңа тәсілдер керек. Бірақ та мен оны байқап тұрған жоқпын, - деді.
Сонымен қатар, ол қазақ тілінде көп талқылана бермейтін, ағылшын тіліндегі өте беделді журналдарда шыққан мақалаларды аударып, журналдарда шығарып жатқанын айта кетті.