05.03.2023
18:55
2336
Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар көшкіні жүруі мүмкін

Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар көшкіні жүруі мүмкін

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің № 5 дауылды ескерту негізінде 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін екенін хабарлайды.

Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, мүмкіндік болса тауларға барудан бас тартқан дұрыс.