Үлкен ауылында АЭС құрылысы басталды ма? Әкімдік жауап берді

30 Қыркүйек, 15:12 321

Әлеуметтік желіде Алматы облысының Үлкен ауылында атом электр станциясының құрылысы басталды деген ақпарат тарады. Жамбыл ауданының әкімдігі аталған ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі жалған ақпараттың таралуына не себеп болғанын да түсіндіріп берді.

Бейнероликте, болжам бойынша, “Google Maps” онлайн сервисы арқылы құрылыс объектілері көрсетіледі. Ондағы нысандардың атом электр стансасы екені шындыққа жанаспайды. Бейнежазбадағы нысан – 2011 жылы Балқаш жылу электр орталығы құрылысы жобасын жүзеге асыру кезінде салынған инфрақұрылым. Жобада көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясын салу көзделген. Жоба аясында тиісті инфрақұрылымның, соның ішінде жұмысшыларға арналған тұрғын кенттің құрылысы басталды, - делінген ресми хабарламада.

«Балқаш жылу электр орталығы» жобасы 2014 жылы тоқтатылған. Аудан әкімдігі онлайн-сервистің картографиялық деректеріне түзету енгізу және жалған ақпараттың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өтінім жіберген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@zhambyl_audany)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: