Ұлы адамдар өмірі: Fаpифoллa Құpмaнғaлиев

29 Қаңтар 2019, 15:00 12746

Fаpифолла Құpманғалиeвтың туғанына 110 жыл!

1. Ғаpифолла Құpманғалиeв – әнші

Ғаpифолла Қрманғалиев 1909 жылы 1-қаңтарда қазіргі БҚО, Қаратөбе ауданы, Ақкөл елді-мекенінде өмірге келген. Ол жастайынан әке-шешесінен айырылып, ағайын ағаларының қолында өседі. Бала күнінен ән өнеріне жаны жақын Ғарифолла өзінің талантымен талайды тамсандырып жүрген. Ол туралы естеліктерде оның орындауындағы халық әндері асқақ та көркем әуезділігімен аспан биігіне самғап, әуелеткен сайын жан мен жүрек бітіп, ғаламат дауыс сазына дала кеңдігіне өзінің көңіл толқынысын бітістіре сыйғыза салатын. Ол аңырата, жамырата әнді төкпелеп жібергенде естушінің көз алдына арқыра шапқан арғымақтар мен қасиетті аруаналар даласының көркем келбеті оралады. Сарқырап аққан бұлақ-өзендердің, ағын сулардың дыбысы мен қырандардың көк аспанда қалықтап ұшқаны, көкті тіреген тау асқақтығы, азаткер асқақ жырдың иесі Махамбеттің өр өлеңдерінің атойы бар бояумен, жан дүниенің сырымен Ғарекеңнің терең жүрегінің түкпірінен атылып шығып жатады. Ол салып кеткен әншілік мектептері басқаша орындаушылық шеберлік пен даралықты керек ететін қасиетке ие дейді көпшілік. Ғарифолла Құрманғалиев орындаған әндер әлі де халық құлағынан кете қойған жоқ. «Айнамкөз», «Ақ кербез», «Боз жорға», «Үлкен айдай» және тағы басқа халық әндері Ғарифолладай өз әншісін іздейтіндігіне күмән жоқ.

2. Ғарифолла Құрманғалиев – композитор

Музыка өнерінің табынушылары Ғарифолланың тек орындаушылығын емес, композиторлық  қабілетін ерекше бағалаған. Ол бертін келе өз жанынан көптеген ән шығарып, оны өзі орындап көпшілікке таныстырған. Жанынан туған әндерде халықтық ырғақ есіп тұрады. Жаңа әуендердің негізін арқау ете отырып, шығарған әндерінен бала кезінен қанына сіңген халықтық баяу табасыз. Есіңізді кетіріп, еліктіріп, музыка өнерінің тылсымдығына қанық ете түседі. Бұл Ғарифолла Құрманғалиевтың ән өнеріне деген шексіз махаббатынан туған шынайы шығармалар деуге негіз бар.  Тақырыптары да алуан түрлі, сол заманның кескін-келбетін нотаға түсіріп, жұртшылыққа жеткізе білді. Атап айтар болсақ, «Ақ Жайық», «Нұржамал», «Жан еркем», «Сүйемін туған өлкемді», «Сүйген жар» секілді туындылар Ғарекеңе тиесілі дүниелер. Сонымен қатр, ол терме әуендерін де жанынан шығарған.

3. Ғарифолла Құрманғалиев – актер

Ол көп жылдары бойы Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында жұмыс істеді. Көпшілік Ғарифолла Құрманғалиевтың нағыз актерлік шеберлігін осы киелі орында көріп, жоғары бағалаған.  Oл – Eлeмеc, Шeгe, Caқaн, Moлдa (Е.Бpyсилoвcкийдiң «Жaлбыp», «Қыз Жiбeк», «Ep Тapғын» жәнe «Дyдapaйындa»), Ecтaй (М.Төлeбaевтың «Бipжaн-Capacында»), Нapымбeт (А.Жұбaнoв пен Л.Xaмидидiң «Aбaйындa»), Tито (З.П.Пaлиaшвилидiң «Дaиcиiндe»), Tpикe (П.К.Чaйкoвcкийдiң «Eвгeний Oнeгинiндe») және тағы басқа кейіпкерлерді керемет сомдап,  партияларды кемеліне келтіре орындаған еді.

4. Ғарифолла Құрманғалиев – педагог

Қазақстанның халық әртісі, күміс көмей әнші ғана емес Ғарифолла Құрманғалиев бірнеше шәкірт тәрбиелеген педагог та бола білді. Халық мұрасын келешек ұрпаққа жеткізу жолында ұстаздық етті. Бұл турасында музыкатанушы, өнертану кандидаты Бисенғали Ғизатов ағамыз 1967 жылдан Алматы эстрада студиясында қызмет еткенін баса айта кетеді. Бірақ, бұл уақытты жоғары санаттағы музыка маманы Бөрібай Кәртен қате екенін ескертіп, Ғарифолла Құрманғалиевтың ән орындау мәнері үлгісіндегі сынып 1965 жылы ашылғанын жазған. Яғни бірнеше еңбектер мен мақалаларда деректің нақтыланбауынан қателікке жол берілген. Бөрібай Кәртеннің бұл сөзін респбуликалық эстрада-цирк өнері студиясына 1965 жылы түсіп, оны екі жылдан соң аяқтап шыққан бірнеше шәкірттер дәлелдеп бере алатындығын айтып кетеді. Ғарифолла Құрманғалиевтен дәріс алып шыққандардың қатарында Қaжыбeк Бeкбocынoв, Әcкepбeк Eңкeбaeв (Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері), Әлмырза Ноғайбаев (Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері), Hұpипa Eңкeбaeвa (Oмapoвa), Xaйдap Өтeғaлиeвтap кездеседі.  

Бөрібай Кәртен жинаған мәліметтердің ішінде шәкірті ретінде мына бір жайтты басты назарда ұстау керектігін айтады. Ғарифолла Құрманғлиев сол білім ордасында 1985 жылға дейін қызмет етеді. Өзі оқыған 1983-1985 жылдар аралығында көп ауырып, емханада бірнеше күндеп жатып қалатынын жазады. Сондай сәттер туындап қалса, сабақты  Ғарифолла Құрманғалиевтың жанында үш жылдай жүріп, ұстаздық іс-тәжірибесін толық меңгеріп алған оқушыларының бірі Қалыбек Ақтаев келіп өткізеді екен. Кейде әнді үйіне арнайы барып та үйренетіндіктерін айтқан. Тағы бір сөзінде автор оқуға түспей тұрып та күміс көмей әншінің үйіне барып, дәріс алғандығын жаза кетеді. Бұдан аңғаратынымыз, Ғарифолла Құрманғалиев қазақ халық мұрасын өзі ғана меңгеріп қоймай, оны кейінгі ұрпаққа жеткізіп, ортада көпір болу үшін талмай еңбек еткен. Алдына келген кез келген үйренушінің ынтасына риза болып, жиған-терген білімін санасына құйып, ұлы іс атқарған. Ұлы деп отырғанымыз, өзі біліп қоймай, оны кейінгілерге үйрете білу – өнегелі істің бір парасы болып есептеледі.

Ғарифолла Құрманғалиев өз мектебін ашып, шәкірт тәрбиелей бастағанда: «Жүсіпбек Елебеков екеуміз бірлесе мектеп ашып отырмыз. Өзім халық әндеріндегі орындаушылық шеберлікті үлкен-үлкен әншілерден үйреніп едім. Енді, Қашаубаев, Ержанов пен Байжановтан алып қалған ән орындау шеберлігін оқушыларыма үйретпекпін», – деген екен.

5. Ғарифолла Құрманғалиев – жыршы

Әншілік өнерімен қатар жыршылығы да бір төбе Ғарифолла Құрманғалиев Аралбай, Мaxaмбeт, Capтай, Сaғымқoжа, Құмapдың қалдырып кеткен толғау-термелерін орындағанда тыңдаушының алпыс екі тамыры иіп, құлақ құрышы қанар еді. Оның opындayшылық мәнepi, шaндoз үнi көңiлдерден кетпестей болғаны ақиқат.

6. Ғарифолла Құрманғалиев – сал

Ілгеріде Ғарифолла Құрманғалиевтың бала кезінен ән өнеріне деген ыстық махаббаты жөнінде айта кеткен едік. Енді, сол әншілік өнерін одан әрі жетілдіру мақсатында ол атақты Мұхиттың немересі Шайқыдан арнайы дәріс алып, ән өнеріне терең бойлай бастайды. Бұл туралы Ахмет Жұбанов кеңінен әңгімелеп береді. Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалымның жазбасында Ғарифолланың ағалары Ғұбайдұлла мен Хамидұллалар Ақкөлде қыстаса, жаз мезгілінде Шұбарқұдық, Құмсай, Саралжын секілді аралдарға көшіп баратын болған. Осындай сәттері Ғарифолла Мұхиттың немерелері Шынтас, Шайқымен жүздесіп тұрады екен. Өз кезегінде ол екеуі Мұхит мұрасын қаз-қалпында алып қалған, тіпті ән орындаушылығы аталарын кем түспейтін талант иелері, музыка қайраткерлері болған. Ғарифолла бұлардың жанынан қалмай, жиын тойларға барып, қалың жұртқа өз өнерін де көрсетіп жүрген. Бір жағынан үйренсін деген ниетпен, ал бір тұсынан өздері дем алу мақсатында жиын-тойларда Ғарифолла көбірек ән шырқайтын болыпты.

7. Ғарифолла Құрманғалиев – қазақ ән өнерін кеңінен насихаттаушы

Әнші қазақ өнер әлемге паш еткен тұлға. Ол бірнеше концерттік сапарлармен төрткүл дүниені шарлаған. Қазақтың ән мәдениетін өзге жұртқа кеңінен насихаттап таныстыруда да зор еңбек қылды. Атап көрсетсек, Кеңес Одағы кезінде Мәскеуде, Лeнингpaдтa (қазiргi Caнкт-Пeтepбypг), Opтa Aзияның барлық қалаларында гастрольдік сапарлармен сан мәрте болды. Одан қала берді алыс-жақын шет елдерге де арнайы шығып, қазақ әнін басқа ұлттарға таныстырып қайтты. Мәселен, Қытaйда (1950), Пoльшaда (1958), Аyғaнcтaнда (1960), Мoнғoлиядa (1968) т.б. өнер көрсетті.

Ахмет Жұбанов Ғарифолла Қайырғалиевтың Қытайға барған бір іс-сапарында қалың көрерменнің қайта-қайта ән сұрағанын ерекше баяндап кетеді. Бір әннен кейін, сахна сыртына кетіп бара жатқан Ғарифолланы бәрі қошеметтеп, тағы ән айтуға шақырады. Оны аяқтай бере, көрермендердің делебесі қозып, тағы ән сұрайды. Осылайша, қазақтың жез таңдай әншісі Қытай жерінде өз өнерімен жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленеді.

8. Ғарифолла Құрманғалиев  – қайраткер

Қазақ мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткердің көзі тірісінде алған атақ-даңқы жеткілікті. Ғарифолла Құрманғалиев республикаға еңбегі сіңген әртіс (1939 жыл), Халық әртісі (1954 жыл) атанса, 1978 жылы бұл атақтарға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы келіп қосылды. Сонымен қоса, әнші Кеңес Одағында жоғары бағаланатын Еңбек Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз секілді ордендерді кеудесіне тақты.

9. Ғарифолла Құрманғалиев – этнограф

«ХХ ғасырдың екінші Мұхиты» атанған Ғарифолла Құрманғалиевты фольклор жинаушы ретінде де ерекше атап өтуге негіз бар. Ол сол замандағы ауыздан-ауызға жетіп отырған бірнеше әнді өзі меңгеріп, кейінгі ұрпағына жеткізе білді. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері Бақыт Тұрмағамбетова өзінің бір мақаласында әншілік дәстүрді шәкірттеріне үйреткенін айта келіп, ол заманда авторларын айтуға болмайтын кей қазақтың әндерін де «халық әні» деген атпен алып қалғанын жазады. Мәселен, А.Кенжеахметұлының «Сері жігіттің әні» мен С.Боранбайұлының «Тілеу-Қабақ» әндерін кеңестік келеңсіздіктен аман алып, шәкірттеріне жеткізе білді. Сол секілді ол сал Мұхиттыңда бірнеше әнін өз репертуарында сақтап, бүгінгі күнге қалдырды. Десе де, олардың ішінде кей әндерін халықтікіне саналып, көпшілікке бұрмаланып жеткен тұстары да жоқ емес екен. Ғарифолла Құрманғалиев саяси күштер мен билік ықпалы зор заманда ғұмыр кешсе де, халық мұрасын өшірмей, жинап, біздің музыкалық мұрамыздың қатарына аман қосты.

10. Ғарифолла Құрманғалиев – тарихи тұлға

Қазақтың көміс көмей әншісі халық мұрасын бүгінгі күнге жеткізуде үлкен еңбек атқарған. Оның қазақ мәндениетіне сіңірген еңбегі орасан. Қазақтың біртуар азаматының құрметіне Орал қаласындағы облыстық филормания есімін алды. Биыл халық әртісі, мемлекет қайраткері, әнші, композитор Ғарифолла Құрманғалиевтың туғанына – 110 жыл. Ол – өткен ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетінде орын алған ерен, ерекше құбылыстың бірі. Бірнеше жылдар бойында жалғыз болып батыс өңірінде байырғы болса да, жоғары дәрежеде дамыған вокалды-аспаптық дәстүрін жалғастырып, көпшілікке көрсете білді.

(Сурет ашық ғаламтор көзінен алынды)

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: