22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды12 тамыз күні Ескелді ауданының тау етегіндегі елді мекендерін су шайып, жергілікті халықты біраз әбігерге салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Толассыз жауған жауын салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларымен бірге ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де белсенді түрде көмек көрсетті.
Су тасқынына байланысты Eскелді ауданы әкімінің шешімімен жедел штаб құрылды.
Құтқару жұмыстарына Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімі командирінің міндетін уақытша атқарушы Рүстем Сайдуов 70 әскери қызметшіден тұратын жедел әскери резервтің құтқару жасағын, сондай-ақ бес әскери техника бөлді.
Ұландық жауынгерлер Ешкіөлмес және Абай ауылдарындағы көшелер мен аулаларды топырақ пен құм салынған қаптармен күшейтті, сонымен қатар су басқан тұрғын үй аумақтарын және жолдарды ағын сумен келген лай, батпақтан тазартты.
Негізгі күш-жігер төтенше жағдай орын алған ауданда авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыруға жұмылдырылған. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғындарды эвакуациялау ұйымдастырылды, – деді бөлім командирінің орынбасары Архат Жұмаділов.
Жетісу облысында табиғи апаттан зардап шеккен аудандарды сел қалдықтарынан тазарту жұмыстары жалғасуда.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев