Ұландықтар Жеңістің 79 жылдығын атап өтті

7 Мамыр, 16:31 1039

Биыл Жеңіс туының желбірегеніне тұп-тура 79 жыл! Осы күнге жеткізген батырлардың есімі ел есінде. Солардың бірі де бірегейі - Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры, алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетов пен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Аталған тұлғалардың құрметіне орай мамыр айы басталысымен-ақ отаншылдық пен ерлікті дәріптейтін іс-шаралар ұйымдастырылуда. Айтулы күнге сәйкес келген дата Шымкент қаласы мен Түркістан облысында ерекше аталып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты шара әуелі Шымкенттегі 6506 әскери бөлімнен басталды. Оған бригада басшылығы, офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, сарбаздар, сондай-ақ әскери бөлімнің ардагерлері қатысты. Отан үшін отқа түсіп, толарсақтан қан кешкен, жеңіске жету жолында жан беріп, жан алысқан баһадүрлердің ерлігіне тағзым жасалып, оларды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Соғыс ардагерлерінің құрметіне соғылған ескерткіш пен мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Содан кейін бригада командирінің міндетін уақытша атқарушы полковник Төлеген Шыныбеков сөз алып, жеке құрамды тарихи датамен құттықтады.

Осы керемет күні өзін әскери қызметке арнаған және ант бергендерді құттықтаймын. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз! Отансүйгіштіктің, ар-намыстың, парыз бен батылдықтың, үлгілері ретінде қызмет ететін Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ерекше алғыс білдіргім келеді,- деді Төлеген Өркінбекұлы.

Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге байланысты қызметте ерекше көзге түскен әскери қызметшілер Ішкі істер министрінің, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының, Шымкент қаласы әкімінің Құрмет грамотасы мен арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Әскери өмір... Сап түзегендеріне қарап-ақ мұнда темірдей тәртіптің қалыптасқанын көресің. Бұл – өмірін осы саламен байланыстырған жандар үшін бұлжымайтын қағида. Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінде бүгінде еліміздің түпкір-түпкірінен келген сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Олар еліміздің қауіпсіздігін ғана емес, ішкі тыныштығын да күзетеді. Солардың бірі, қатардағы жауынгер – Сұңқар Әбдіқадір. Оның пайымында қазақ мемлекетін қалыптастыру жолында тарихта аты алтын әріптермен жазылған ұлы бабалардың ұрпақтары әлсіз болмауы қажет.

Ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деп айтып кеткен қанатты сөзі бар. Сол ұстанымға адал болу – баршамыздың міндетіміз. Еліміз бен туған жерімізді қорғау әрбір азаматтың парызы, - дейді сарбаз.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде жеке тұлғаны дамытуға, жоғары моральдық және әскери-кәсіби қасиеттерді қалыптастыруға барлық жағдайлар жасалған, оқу-материалдық-техникалық база заман талабына сай. Бригада жеке құрамы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық өміріне, өңірдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсене қатысып, мектептер мен колледждерге, әскери-техникалық институттарға қамқорлық жасайды. Әскерге шақырылғанға дейінгі жастармен отансүйгіштік сабақтарын өткізіп, патриоттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып келеді. Соның айғағы болса керек, бүгінгі мерекелік іс-шара Түркістан қаласында орналасқан 6506әскерибөлімінің 3 жеделмақсаттағы батальонында да ерекше тойланды. «Ұлттық ұлан» сарбаздарының әскери шеруі өтті. Одан соң бөлім сарбаздарына Қорғаныс министрлігінің және Ішкі істер саласы бойынша әскери шен тапсырылды. Ресмибөлімаяқталғаннанкейінбригаданыңәскериоркестрініңсолистерініңқатысуыменконцерттікбағдарлама өтті.

Айтып өтейін, Түркістан облысы бойынша былтыр 4500-ге жуық жас әскерге шақыртылып, Отан алдындағы борышын өтеуге кетті. Биыл да бұл көрсеткіш азаймайды. Көктемгі шақыртуда тағы мыңдаған өрен әскери бөлімдерге жіберіледі.

Элеонора Мамыр
Бөлісу: