Украинаның Қазақстандағы Елшісі Қарағандының Достық үйінің жұмысымен танысты

19 Қараша 2018, 10:55 2004

Қарағанды облысында Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Иван Кулеба болып қайтты. 

Аймақ басшысы Ерлан Қошанов пен Иван Кулеба әртүрлі салаларда өзара даму перспективаларын талқылады.

Бұдан соң құрметті мейман Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде болып, этномәдени орталықтардың жұмысымен, музеймен, «Шабыт» көрме залымен танысты.

Елші келген күні Достық үйінде «Қазақтану» жобасы аясында «Нұрәсем» Сән үйінің ұлттық киімдер көрсетілімі, Т.Г. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі облыстық серіктестігінің 27 жылдық мерекесі аталып өтілді. «Рідне слово» - облыстық және республикалық шаралардың басы-қасында жүрген белсенді орталық.

Бірқатар шараларға қатысқан Иван Кулеба украиндықтардың мәдениетін, тілін және дәстүрін сақтауға барлық мүмкіндік жасалғанына баса назар аударды. Қазақстада қазріргі таңда 40 мың украиндық тұрады.

Дәстүр бойынша елші мырза музейдің тілек кітабына өз ілтипатын жазып қалдырды.

Бөлісу: