Украиналық хот-дог үшін 26 қылмысты өз мойнына алды

1 Наурыз, 09:15 1837

Польшада үйсіз-күйсіз жүрген украиналық полицейлер ұсынған хот-дог үшін 26 қылмысты өз мойнына алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Вроцлав қаласында болған. Жергілікті полиция қызметкерлері көрші елден келген қонақтың көрінген жерде түнеп жүргенін көріп, бұл жайтты өз пайдаларына шешуді құп көреді. Осы мақсатта не үйі, не күйі жоқ 35 жастағы украиналыққа ондаған қылмысты өз мойнына алуды көндіреді, ал бұл әрекеті үшін оған хот-дог ұсынады.

Бір қызығы, ер адам солардың бірнешеуін шынымен өзі жасаған болып шығады. Тәртіп сақшылары өздерінің бұл әрекеттеріү жоққа шығарып, ер адамның психолиялық тұрғыда ауытқушылығы бар мәлімдеген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: