Қазақстаннан тыс аумақта қарулы қақтығысқа қатысқан атыраулық тұрғынға сот үкім шығарды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды Ақ жайық басылымына сілтеме жасап El.kz интернет порталы
Сот оны Қылмыстық кодекстің 172-бабы («Шет мемлекет аумағындағы қарулы қақтығыстарға қатысу») бойынша кінәлі деп танып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Үкім әлі заңды күшіне енбеген.
Іс материалдарына сәйкес, сотталушы Ресейде жүріп келісімшартқа отырып, Украина аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан және жарқыншақтан жараланған.