28.06.2022
23:15
1266
Украинада қаза тапқан балалар саны жарияланды

Украинада қаза тапқан балалар саны жарияланды

Украинаның Бас прокуратурасы елдегі қақтығыс салдарынан қаза тапқан балалар санын жариялады, деп хабарлайды El.kz

Ведомство мәліметінше, Украинада 341 бала көз жұмған.

– 2022 жылғы 28 маусымдағы ақпарат бойынша Украинада Ресей Федерациясының қарулы агрессиясы салдарынан 963 бала зардап шекті. Ювеналды прокурорлардың ресми ақпараты бойынша 341 бала қаза тауып, 622-ден аса адам жарақат алған, - деп хабарлады Бас прокуратура.

Сондай-ақ елдің қай өңірлерінде зардап шеккен балалар саны көп екені айтылды.

  • Донецк облысы – 336 бала,
  • Харьков облысы – 183 бала,
  • Киев облысы – 116 бала,
  • Чернигов облысы – 68 бала,
  • Луганск облысы – 57 бала,
  • Херсон облысы – 52 бала,
  • Николаевск облысы – 48 бала,
  • Запорожск облысы – 31 бала,
  • Сум обылсы – 17 бала.