Украина президентінің табысы шамамен үш есе төмендеді

29 Қаңтар, 04:36 868

Украина президенті Владимир Зеленскийдің табысы күрт төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Украина президенті мен оның отбасының табысы 2021 жылғы 10,8 миллион гривнадан 2022 жылы 3,7 миллион гривнаға дейін төмендеді.

Егер 2021 жылы кірістер негізінен жалақыдан, банк пайызынан және жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кірістен тұрса, 2022 жылы олар Украина аумағында толық ауқымды соғыстың басталуы нәтижесінде жалдау шарттарының уақытша тоқтатылуына байланысты азайды.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: