Украина футбол федерациясын енді «Алтын доп» иесі басқарады

26 Қаңтар, 13:50 3787

Украина құрамасының бұрынғы шабуылшысы әрі бас бапкері Андрей Шевченко Украина футбол қауымдастығының президенті болып сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Киевте өткен сайлауда Шевченко бұл лауазымды қызметкер жалғыз үміткер болды. Ал бұған дейін қауымдастық тізгінін ұстаған Андрей Павелко үлкен көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілініп, 2023 жылы ұйымнан шеттетілген.

47 жастағы Андрей Шевченко 1976 жылы Киев облысында дүниеге келген. Киевтің «Динамо» футбол клубының түлегі. 1986-1993 жылдары осы клубтың жастар сапында өнер көрсетсе, кейіннен ересектер қатарына ілікті.  

2004 жылы «Милан» клубының сапында әлемнің жүріп «Алтын доп» сыйлығын алды. Сондай-ақ ағылшынның «Челси» клубында ойнаған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: