Үкіметтік делегация Түркістан облысының жылыжай иелерімен кездесті

6 Ақпан 2023, 12:56 825

Еліміздің ішкі нарығына нарықтық бағамен көкөністерді үздіксіз жеткізудің орнына жылыжайларға субсидияларды қайтару және көмірмен көмек көрсету - Премьер - Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастаған үкіметтік делегация Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болып, ауыл шаруашылығымен өңірдегі жылыжай шаруашылықтарының дамытудың жағдайын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысы жылыжай көкөністерін өндіру бойынша еліміздің жетекші өңірлерінің бірі болып табылады. Статистикаға сәйкес, облыс үлесіне Республика жылыжайларының 67%-ы тиесілі, бұл жалпы ауданы 844 га жылыжайлар, оның ішінде 46 гектарға 170 шаруа қожалығы жақында қалың қар түсуі мен көмірдің уақытылы жеткізілмеуіне байланысты зардап шекті. Ең көп сұранысқа ие көкөністер – қияр мен қызанақ 1,3 гектарға егілді. Белгілі болғандай, қалың қарға төтеп бере алмаған жылыжайлардың 94%-ы шаруалардың өз күшімен салынған жеңіл құрылыстар екен. Жиында шаруалар атап өткендей, қожалықтар шығынын тез өтеу үшін оларды мүмкіндігінше арзан етіп жасайды. Мемлекет тарапынан тұрақты қолдау немесе төмен пайыздық ұзақ несиелер болса, шаруалар жылыжайларды талап етілетін стандарттар мен технологиялар бойынша сала алады. Қазір Түркістан облысының әкімдігі зардап шеккен шаруашылықтарды қолдау бойынша жедел шаралармен айналысып, ел үкіметі алдағы уақытқа жүйелі шараларды әзірлеуде.

Біз сіздерге үкімет атынан жылыжай шаруашылығын одан әрі қалай дамыту керектігін бірлесіп шешу үшін келдік, - деді кездесуде Серік Жұманғарин. – Бізбен бірге Өзбекстаннан өз тәжірибелерімен, технологияларымен және жылыжайларды күтіп ұстаудың басқа да мәселелерімен бөлісуге дайын мамандар келді. Бірінші мәселе – мемлекетке нәтиже қажет. Жылыжай шаруашылықтарына субсидиялар бұрын да болған, бірақ олардан пайдасы аз болды: жылыжайлар белсенді деп саналғанына қарамастан ештеңе өндірмеді. Егер мемлекет субсидия берсе, сіздер оның есесіне көкөністерді ішкі нарыққа жеткілікті мөлшерде және нарықтық бағамен сатуларыңыз керек. Екінші мәселе - сертификаттау. Алдағы уақытта субсидиялар алу үшін жылыжай өндіріс стандартына сай болуы керек. Ол үшін жылыжайлар үшін ұлттық стандарт қабылданады. Техникалық реттеу және метрология комитетіне тиісті тапсырма берілді, сондай-ақ сіздерге осы стандартты әзірлеуге белсенді қатысуды, тәжірибедегі білімдеріңізбен бөлісуге шақырамыз.  Үшіншіден – көмір мәселесі: бізбен бірге Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі келді, ол келешекте биылғы сияқты төтенше жағдайларды болдырмауға көмектесетін шешімдерге тоқталады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек Аграрлық несие корпорациясы арқылы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға 140 млрд теңге бағытталғанын, қазір жылыжайларды осы бағдарлама бойынша қаржыландыру бағытына қосу жұмыстары пысықталып жатқаннын хабарлады. Бағдарлама шарттарына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жылыжайлар 5% - дан аспайтын несие ала алады.

Қазір біз жылыжайларды субсидиялау бойынша түрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз, бірақ электр энергиясы мен газға жұмсалатын шығындар негізге алынатын болады. Қалған бағыттар бойынша қолдау шаралары қазірдің өзінде іске асырылуда, мемлекет тұқым, тыңайтқыш, өсімдіктерді қорғау құралдарына шығындардың жартысын субсидиялайды. Сондай-ақ, жылыжайлар үшін стандартты әзірлейтін боламыз. Стандарт талаптарына сәйкес келетін және қарсы міндеттемелерді қабылдайтындардың барлығы субсидия алады, - деп атап өтті ол.

Мақта өндірушілер мен диқандар қауымдастығының төрағасы Данияр Қалтаев жылыжайлар барлық қажетті құжаттарды рәсімдеуге дайын екенін айтты.

Бізге гектарлық субсидиялар алу тиімді, бұрын біз осы схема бойынша жұмыс істедік. 2018 жылы субсидиялар алынып тасталғандықтан, барлық жылыжай ғимараттары өндіріссіз тұрып қалды, - дейді ол. - Бізде жылыжайларға қажетті құжаттар болған жоқ, өйткені оларға қажеттілік болмады, сол себепті де біз субсидия алған жоқпыз. Бірақ қазір біз сертификаттауға дайынбыз. Біздің ұсыныстарымыз: маусымаралық уақытта көмір болмайды, ал болған жағдайда, оның сапасы нашар. Жылыжай қожалықтарында көмірді алдын-ала сатып алуға қаражат жоқ, оны жеткілікті мөлшерде сақтауға орын жоқ. Мұның бәрі біздің өнімдеріміздің бәсекеге қабілетсіздігіне әкеледі.  Біз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен, "ҚТЖ" ҰК АҚ-нан әлеуметтік көмірмен алдын ала қамтамасыз етуді сұраймыз.

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игисинов өңірдің жылыжай шаруашылықтарын уақтылы көмірмен қамтамасыз ету үшін елдің негізгі көмір өндіруші кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізуді және көмірді тікелей көмір кеніштерінен жеткізу бойынша шарттар жасасуды ұсынды.

Ешқайда тікелей барудың қажеті жоқ, шарттарды өңірде пысықтауға болады. Ал Индустрия министрлігі өз тарапынан көмір өндіруші компаниялармен көмір жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуге көмектесуге дайын. Тек суық түскеннен кейін емес, барлығын алдын ала жасау керек. Көмір сақтау қоймаларында өзінің қасиетін жоғалтпайды, – деп атап өтті ол.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың көпшілігі жылыжай өндірісін сертификаттау, стандарттау және жоспарлау қажет деген ортақ пікірге тоқталды. Сертификаттаудан жалғыз өте алмайтын шағын шаруашылықтар кооперативтерге бірігуі керек.

EL.KZ
Бөлісу: