Үкімет пен Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс

29 Наурыз 2023, 10:40 769
Президент еліміздегі туризмнің әлеуеті мен көрікті жерлеріне барып демалуға жұрттың қолы жете бермейтіндігін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпараттық агенттігі.
 
Бұл туралы Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымында мәлімдеді.
"Бұл салаға тың серпін беру үшін ең алдымен инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын жақсарту қажет. Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Ол үшін қажетті жағдайды жасау керек. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ",  деді Мемлекет басшысы.
 
Миражан Махан
Бөлісу: