Үкімет халықты АЭС жайлы тиісті деңгейде ақпараттандырмаған – Максим Рожин

2 Қазан, 14:17 844

Мәжіліс депутаты Максим Рожин АЭС құрылысына қатысты Үкімет жұмысын сынға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат АЭС құрылысына қатысты референдумға сәйкес өңірлердегі үгіт-насихат жұмыстарына қатысты. Өңірлерді аралау барысында халықтың ақпаратқа қанық болмағанына көз жеткізген.

Өзім Жамбыл, Райымбек, Кеген, Ұйғыр, Іле, Балқаш және Еңбекшіқазақ аудандарында болдым. Азаматтардың ойы алуан түрлі. Бастысы Бастысы ақпарат жетіспеушілігі сезіледі. Меніңше, министрлік осы жұмысты жақсылап қолға алу керек еді. Өйткені, халық біраз ақпаратты естімегенін айтуда. Жұртшылықпен кездесу барысында қарсы болған, қолдаған азаматтар да болды. Дегенмен референдумға барлығы келіп өз дауыстарын береді деп ойлаймын. Көпшілік осы референдумды сұраған болатын. Сондықтан референдумға азаматтар қалмай келеді деген сенімдемін, - деді мәжілісмен.

Депутат Балқаш көліне төнетін қауіп жайлы да айта кетті.

Біз мердігерді ұлттық мүддемізге қарай таңдауымыз керек. Себебі, бұл жерде мәселе сапада, қауіпсіздікте және бағада болып тұр. Соған қарай таңдау керек. Мен экологтарды көп тыңдадым. Жалпы мамандардың айтып отырған мәселесі – жалпы бізде табиғи булану деген бар, сол табиғи буланудың 0,6 пайызы ғана АЭС-ке қолданылады. Реактордың құрылысына мән берсек, оның сыртқы қапталында ғана қолданылады. Сондықтан Балқаш көлінде су сәл жылығанынан басқа қауіп көріп тұрған жоқпын, - деді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

Миражан Махан
Бөлісу: