07.12.2022
12:47
1856
Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, өңірдің барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысты.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының өңір әкімі лауазымына Байханов Асайын Қуандықұлы мен Батырғожинов Серік Барлыбайұлының кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқыды.

Ашық дауыс беру кезінде 177 депутаттың 135-і А.Байхановқа, 42 депутат С.Батырғожиновқа дауыс берді.