Үкімет басшысы Қарағандыда қаза болған кеншілердің отбасымен кездеседі

19 Тамыз 2023, 11:19 927

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасы мүшелерімен кездеседі, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Ә.Смайылов әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізбек. 

Шахтинск қаласында Премьер-Министр бірінші кезекте кеншілердің бірі – Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлесті, кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездесті.

Асқар Таудай
Бөлісу: