Үкімет басшысы кім болады: Ерлан Қошанов көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді

29 Наурыз 2023, 16:01 952

Таяу күндері Мемлекет басшысына Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жақында Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады. Уақыты келгенде білесіздер. Қазір мен оны ашып айта алмаймын. Мемлекет басшысына кандидатураны таяу күндері ұсынатын боламыз. Мүмкін ертең не арғы күні. Қазір процедурасын пысықтап жатырмыз, - деді Мәжіліс төрағасы БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.

Ерлан Қошанов дәл қазір Үкімет басшысы лауазымына мына кандидатты ұсынамын деп айту орынсыз болатынын қоса айтты.

Партия төрағасы ретінде ол - үлкен жауапкершілік. Партия фракциясында ақылдасуымыз керек. Содан кейін мен сіздердің алдыларыңызға шығып немесе тиісті процедуралар арқылы сауалдарыңызға жауап беремін, - деп түйіндеді Мәжіліс төрағасы.

EL.KZ
Бөлісу: