Қазақстанда "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда 99 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жүріп жатыр, барлығы биыл тапсырылмақ. 2024-2025 жылдары инсульт және кардиология орталықтары, травматологиялық және ортопедиялық бөлімшелері бар, сондай-ақ заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған 32 көпсалалы орталық аудандық аурухана жаңғыртылатын болады, - делінген хабарламада.