Үкімет "АрселорМитталТеміртау" АҚ-ын мемлекетке қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр

28 Қазан 2023, 12:45 609

"АрселорМитталТеміртау" АҚ-ын өзге шетелдік инвесторға беру туралы мәселе әзірге қарастырылмаған. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін таңда Қарағанды облысындағы "Костенко" атындағы шахтада болған жарылыстан кейін Мемлекет басшысы үкіметке аталған компаниямен инвестициялық ынтамақтастықты тоқтатуды тапсырған болатын. 

Әлеуметтік желілерде «АрселорМиталл Теміртау» АҚ-ны басқа шетелдік инвесторларға беру туралы ақпарат таралуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының пайдасына қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Үкімет «АМТ» АҚ-ны әрі қарай басқа шетелдік инвесторларға беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ, - деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Қарағанды облысындағы шахтала болған өрт салдарынан қайтыс болған адамдар саны 20-ға жетті. Сонымен бірге 18 адамның түролі жарақатпен ауруханаға жеткізілгені мәлім болды. Апат кезінде кен орнында 252 адам болған. Олардың 205-сі жер бетіне шығарылды. Апатты жоюға қатысты штабқа еліміздің төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жетекшілік етіп жатыр. Сонымен бірге, бас прокуратура шахтадағы апатқа қатысты тергеу амалдарын бастады. Ал Әлихан Смайылов Костенко шахтасындағы апаттың себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссияны басқаратын болады. 

Асқар Таудай
Бөлісу: