Уханьда қайтадан локдаун енгізілді

29 Шілде 2022, 06:24 1810

Цзянся ауданының тұрғындарына алдағы үш күн бойы үйден шықпауға бұйрық берілді.

Қытайдың Ухань қаласында қайтадан локдаун жарияланды. Қытай билігі қала маңындағы бір миллионға жуық тұрғынды карантинге жапқан. Бұл туралы  El.kz  ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Цзянся ауданының тұрғындарына алдағы үш күн бойы үйден шықпауға бұйрық берілді.

Осыдан екі күн бұрын 12 млн халқы бар Ухань қаласында тұрғындарға тестілеу жүргізу кезінде асимптоматикалық жағдай анықталған.

Кейін вирус белгілері жоқ тағы екі тасымалдаушы анықталған соң, билік дереу карантин туралы қаулы шығарған.

Қытай пандемия басталғаннан бері жаппай тестілеу, оқшаулау және ауру жұқтырғандарды қатаң оқшаулау әдістері арқылы COVID-ке қарсы қатаң шаралар саясатын жүргізіп келеді.

Бөлісу: