05.07.2024
06:28
889
«Уимблдон»: Юлия Путинцева үшінші кезеңге өтті

«Уимблдон»: Юлия Путинцева үшінші кезеңге өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Лондонда өтіп жатқан «Уимблдон» турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Чехиялық Катерина Синяковаға қарсы өткен кездесу үш сетке созылды. 

Қазақстандық спортшы  6:0, 4:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Келесі ойында ол Ига  Швентек (Польша) пен Петра Мартич (Хорватия) арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.