"Уимблдон": Елена Рыбакина жартылай финалдық кездесуде жеңіліс тапты

12 Шілде, 03:17 517
Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан British Open (Уимблдон) турнирінде жартылай финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз Елена Рыбакина кортта Чехия спортшысы Барбора Крейчиковамен кездесті. Үш сетте қазақстандық теннисші жалпы есепте 6:3, 3:6, 4:6 есебімен жеңілді. Ойын екі сағат сегіз минутқа созылды.

Бұл кездесуге дейін теннисшілер екі рет кездесіп, екі рет те чех спортшысы жеңген болатын.

Үлкен дулыға турнирінің финалында Барбора Крейчикова бұған дейін хорватиялық Донна Векичті (2:6, 6:4, 7:6) жеңген итальяндық Жасмин Паолиниге қарсы ойнайды.

Айта кетейік, "Уимблдон" турнирінің  финалы 13 шілде сенбі күні өтеді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: