UFC файтері Шавкат Рахмоновқа жауап берді

29 Маусым 2022, 01:28 1398

39 жастағы бұрынғы UFC белбеуіне үміткер спортшы төрт адамдық турнир ұйымдастыруды ұсынды.

Америкалық файтер Стивен Томпсон қазақстандық Шавкат Рахмоновтың жекпе-жекке шақыруына жауап берді, деп хабарлайды  El.kz порталы  Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

39 жастағы бұрынғы UFC белбеуіне үміткер спортшы төрт адамдық турнир ұйымдастыруды ұсынды.

– Ол мені, Хорхе Масвидаль және Ник Диазды жекпе-жекке шақырды. Менің ойымша, төртеуміз турнир өткізуіміз керек. Дивизияда кім қалатынын көрейік. Жеңілген адам кетуі қажет. Маған бұл идея ұнайды. UFC, осыны ұйымдастырыңыз. Менің ойымша, бұл өте керемет болады. Шағын турнир, — деп келтіреді Томпсонның сөзін BJ Penn.

Айта кетейік, 26 маусымда өткен UFC Vegas 57 турнирінде Рахмонов АҚШ өкілі Нил Мэгниді екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

Бөлісу: