Шанхайда (Қытай) өткен UFC Fight Night турнирінде октагонда алғаш рет Қазақстан мен Қырғызстан спортшылары жолықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық Дияр Нұрғожай жартылай ауыр салмақта қырғызстандық Уран Сатыбалдиевпен (8-1) күш сынасты. Үш раундқа жоспарланған айқас күтпеген жерден ерте аяқталды. Сатыбалдиев 1-раундтың өзінде-ақ қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп кетті.
Бұл жекпе-жек екі ел тарихындағы UFC аясындағы алғашқы кездесу болып саналады. Айта кетерлігі, бұл жеңіс – Қырғызстан спортшысы үшін ұйымдағы алғашқы тарихи жеңіс.