УЕФА ресми сайтында жаңа маусымда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчтарда қолданылатын допты таныстырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Adidas компаниясы шығарған доптың дизайны түнгі аспаннан шабыт алған. Ол көк және ақ түстерде жасалған. Жұлдыздардың айналасы алтын түспен көмкеріліп, көк түске боялған, ал олардың ішінде батыр ерлігі мен аспан тағдырын бейнелейтін алтын зодиак белгілері көрініс тапқан.
Қайта өңделген полиэстер мен су негізіндегі бояулардан бөлек, 2025/26 маусымының добы турнир тарихындағы өзге ресми доптарға қарағанда көбірек биоматериалдардан жасалған. Әр қабатында жүгері талшығы, қант құрағы, ағаш массасы мен резеңке қолданылған. Бұл оның сапасына еш әсер етпейді, – делінген хабарламада.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне арналған жеребе 28 тамызда өтеді, ал ойындар 16 қыркүйекте басталады. Бұл турнир екінші рет жаңа форматта өтпек: 36 клуб қатысып, топтық кезең болмайды. Әр команда бірінші кезеңде сегіз қарсыласпен ойнайды.