«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында словакиялық «Слованды» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жеңіс голын ұлттық құраманың шабуылшысы Дастан Сәтпаев 90-минутта пенальтиден соқты.
Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Қарымта кездесу 12 тамыз күні Братиславада өтеді.