ҰБТ-ның алғашқы көрсеткіші қандай?

22 Маусым 2017, 11:57 3275

ҰБТ-ның биылғы басты жаңалығы қандай?

20 маусым күні (1-лек) Ұлттық бірыңғай тестілеуге 16 468 бітіруші қатысты. Оның ішінде сынақты 12 929 түлек қазақ тілінде, 3539 түлек орыс тілінде тапсырды. Тестілеу 165 ҰБТ өткізу пунктінде өтеді. Максималды балл саны 140.

Биылғы жылдың басты жаңалығы – ата-аналар Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту барысын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік алды. Ол үшін www.ivideon.com/tv/map бұлтты қызмет көрсету сайтына кіріп, Қазақстан картасында көрсетілген ҰБТ өткізу пункттері мен қажетті аудиторияның камерасын оның географиялық орналасуымен тауып алуға болады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 20-сы мен 1-і шілде аралығында өтеді. Биыл ҰБТ-ға жалпы саны  92827 түлек қатысады. Оның ішінде 69209-ы қазақ тілінде, 23618-і орыс тілінде тестілеуден өтеді.

21 маусым күні 42 ҰБТ өткізу пункттерінде 16 468 мектеп бітіруші тестілеуден өтті.

Ақпарат

Тестілеу нәтижесімен келіспеген түсушілер келесі күні сағат 13:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.

Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған түсушілер ағымдағы жылы қайта ҰБТ тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуіне құқылы. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-сі мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.

2017 жылдың 20 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге (1-лек) 16468 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 15862 (96,3%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде – 12633, орыс тілінде – 3229 адам. ҰБТ 42 ҰБТ өткізу пункттерінде жүргізілді.

Бастапқы екі күнде тәртіп бұзғаны үшін, 3 адам аудиториядан шығарылды, ал олардың жауаптары жойылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде 22696 тыйым салынған заттар алынды.

Орташа балл – 75,53.

Бөлісу: