31.07.2024
10:14
1406
ҰБТ-дан 1 балл және 140 балл жинаған екі түлек кездесті

ҰБТ-дан 1 балл және 140 балл жинаған екі түлек кездесті

ҰБТ-да балл мен 140 балл жинаған Алматы облысының екі түлегі кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерасыл Уәлиев пен Жаннұр Еңсебек бұл туралы әлеуметтік желіде жариялады.

Уәлиев өзінің Instagram-Stories-інде екеуін бірге көрген адамдар таңғалғанын айтты.

Міне, Жаннұрмен кездестік. Екеумізді бірге көрген адамдар таңғалды, - деді 1 балл жинаған түлек.

Ал желі қолданушылары екеуіне табыс тілеген:

«Жыл дуэті», «Екеуінің кездескеніне қуаныштымын», «Керемет контент», «Екі аңыз кездесті», «Сәттілік жолдас болсын», - деп жазған.