2024 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудегі екі пән бойынша шекті балл төмендетіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік)
Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5;
1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5;
2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.Оқи отырыңыз: Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарының базасы жаңарды.
Бұрын барлық пәндер бойынша шекті балл – 5 балл болатын. Өзгеріс 2024 жылдан бастап "Оқу сауаттылығы" және "Математикалық сауаттылық" міндетті пәндеріндегі тапсырмалар саны бес сұраққа қысқартылуымен байланысты болуы мүмкін.