«Уайымдаудың қажеті жоқ». Қытайлық маман АЭС салу туралы айтты

30 Қараша 2023, 10:00 698

Қытайға барған іс-сапарымызда сол елдің ядро саласының маманы Қазақстанда салынуы мүмкін атом электр стансасының құрлысының қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық БАҚ өкілдері Қытайдың ядролық энергетика саласының маманы Ли Бинмен кездесу барысында елімізде салынуы мүмкін АЭС-тің құрылысына қатысты пікір білдіруін сұрады. Сондай-ақ «АЭС салу үшін Жамбыл облысы Алматы ауданы Үлкен ауылы географиялық тұрғыдан қаншалықты тиімді?» деп сұрақ қойды.

Мен Қазақстанның АЭС саламыз деген ауданымен жақсы таныс емеспін. Дегенмен сіздердің аудандарыңызға (Үлкен ауылына - ред.) АЭС салуға болады деп есептейміз. Қалай десек те Қазақстанның мемлекет басшысы АЭС-тің құрылысына қатысты мәлімдемелер жасады. Біздің білуімізше, Үлкен ауылы теңіздің жағасында орналаспаған. Айта кетелік, қазіргі таңда әлемде 400-ден астам атом энергия блогы бар. Олардың 50 пайыздан астамы судың, өзен-көлдің, теңіздің жағасында орналаспаған. Сондықтан мұндай аудандар үшін уайымдаудың қажеті жоқ, - деді “CNNP Guodian Zhangzhou Energy Co.” ЖШС басқарма басшысы Ли Бин.

Сондай-ақ ол АЭС экономикалық әлеуеті тиімді өңірде салынғаны тиімді екенін айта кетті.

Неліктен Қытайдың энергия блоктары шығыс жағалауда орналасқан? Өйткені бұл өңір біздің қазіргі экономикалық жағдайымызға ықпал етеді. Себебі, шығыс жағажай - экономикалық әлеуеті тиімді аймақ,- деп түсіндірді ядролық энергетика маманы.

Ли Бин АЭС құрылысына қатысты да ойын айта кетті.

Қазақстан президенті атом электр энергиясын салу референдум арқылы шешілетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ол референдумды келесі жылы өткізуді жоспарлап отыр. Сондықтан Қазақстанның энергетика министрлігі БАҚ-та атом электр станциясы туралы толыққанды ақпарат болу үшін арнайы сапар ұйымдастырды. Бұл өте маңызды жұмыс,- деді ол.

Миражан Махан
Бөлісу: