Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты уақытты қайтару туралы өтінішті қарау нәтижесін заңды деп таныды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Талап қоюшы Л. «Уақытты кері қайтару» петициясын қарау нәтижесін заңсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгініп, онда петицияны қарау мен шешім қабылдауда рәсім бұзылғаны көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) талаптарына сәйкес "Уақытты кері қайтару" петициясы тіркелді. Өтініш 50 мың қолдау дауысын жинап, тіркелген. Өтінішті қарау ҚР сауда және интеграция министрлігіне (министрлік) тапсырылған, - делінген хабарламада.
Жұмыс тобын қалыптастыру үшін министрлік өтініш берушіге, Қазақстан Республикасының Парламентіне, мүдделі мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестікке жұмыс тобының құрамына енгізу үшін кандидатуралар жіберуді сұрап, хаттар жолдаған.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2024 жылғы 14 маусымдағы хатымен жұмыс тобына қатысу үшін кандидаттар Е.А.Әбіл мен М.А.Әбенов ұсынылды.
Министрдің 2024 жылғы 21 маусымдағы бұйрығымен петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітіліп, депутат Е.А.Әбіл жұмыс тобы басшысының орынбасары болып тағайындалған.
Жұмыс тобының жұмысы аясында 2024 жылғы 21 маусымда, 16 шілдеде және 2 тамызда 3 отырыс өткен. 2024 жылғы 2 тамызда өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған.
Өтініштерді тіркеу, есепке алу мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
ӘРПК-нің 90-6-бабына сәйкес өтінішті қарау нәтижелері бойынша орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы, жергілікті өкілді органның төрағасы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Петицияны қарау және ол бойынша шешім қабылдау рәсімі ӘРПК нормаларымен регламенттелген.Петицияны қарау нәтижелері бойынша шешімге дау айту туралы талаптарды қарау кезінде сот оны қарау тәртібі мен мерзімдерінің сақталуына ғана баға береді. Петицияны қарау кезінде рәсімнің бұзылмауына байланысты, сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.
Талап қоюшының белгіленген тәртіпті бұзып, отырыстың төрағасы мәжілісінің депутаты Е.А.Әбілдің болғаны туралы дәлелдерін сот қабылдамады. Себебі Е.А.Әбіл жұмыс тобы басшысының орынбасары болған. Комиссия құрамын қалыптастыру кезінде қандай да бір құқық бұзушылықтар болмаған. Сот шағым түскен шешім мен петицияны қарау жөніндегі әрекеттер заңды, мемлекеттік органның құзыреті шегінде жасалған және рәсімдік бұзушылықтар анықталмаған деген қорытындыға келді, – делінген сот мәлімдемесінде.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.