Уақытша орналастыру пункттерінде 7 000-нан аса адам орналасқан

11 Сәуір, 11:09 527

Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 7 173 адам, оның ішінде 3 494 бала орналасқан, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Азаматтық қорғау қызметтерімен 97 мыңнан астам адам, оның ішінде 32 мыңнан астам бала құтқарылып, эвакуацияланғанын айтты.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 27 мыңнан астам адам және 3 мыңға жуық бірлік техника мен 15 әуе кемесі жұмылдырылды, - деді ол.

Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы ТЖ әрекет етеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: