Уақыт белдеуі өзгерген күні елімізде 803 сәби дүниеге келді

1 Наурыз, 22:00 794

Елімізде уақыт белдеуі ауысқан күні 29 ақпанда сағат түнгі 12-ге дейін (00.00) 803 сәби дүниеге келді. Яғни, қыстың соңғы күнінде екі егіз, 392 ұл және 411 қыз жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай мәліметті Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды.

Тәуліктік туу бойынша ерекше көшбасшы Түркістан облысы атанған. Онда 118 бала дүниеге келді. Содан кейін Алматы қаласы – 81 нәресте және елордада 79 сәби дүниеге келді.

2024 жылғы қыстың ең ұзақ соңғы күнінде туған сәбилерді құттықтаймыз. Оларға зор денсаулық және бақытты болашақ тілейміз! делінген министрлік хабарламасында.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: