ТЖМ: Жайық өзенінде су деңгейі 8 см-ге көтерілді

22 Сәуір, 05:46 559

Орал қаласындағы Жайық өзенінде су деңгейі 8 сантиметрге көтеріліп, қазіргі таңда 858 сантиметрге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, осы сағатқа дейін құтқарушылар күштерімен бөгеттер тұрғызылды және нығайтылды, уақытша топырақ үйінділері жабдықталды.

Жалпы Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар тәулік бойы жұмыстарды жалғастыруда.  

Перизат Саденова
Бөлісу: