Нәресте ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде тасымалданды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Қазавиақұтқару» тікұшағы Астана - Павлодар - Астана бағыты бойынша санитарлық рейсті орындады. Сәбиге шұғыл медициналық көмек қажет болды.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында бала аман-есен жеткізілді. ТЖМ тікұшақтары елді мекендердің бір-бірінен алшақтығы жағдайында шұғыл медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын.