23.01.2025
02:28
1083
ТЖМ қызметкерлері жанып жатқан пәтерден бір адамды құтқарды

ТЖМ қызметкерлері жанып жатқан пәтерден бір адамды құтқарды

Шығыс Қазақстан облысында ТЖМ қызметкерлері жанып жатқан пәтерден бір адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Глубокое ауданы Глубокое кентінде екі қабатты тұрғын үйде бірінші қабаттағы пәтерде өрт шықты. Шақыру орнына жедел келген ТЖМ қызметкерлері жанып жатқан пәтерден 1986 жылы туған ер адамды құтқарған. Жедел жәрдем қызметкерлері тексергеннен кейін оны үйіне жіберді.

Өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілген. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.