Төтеншеліктер Украина азаматы мен әйелді құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Алматы облысында мамырдың 26-сына қараған түні екі турист адасып кеткен. Тауға шыққан олар 112 нөміріне өздері хабарласып көмек сұраған. Хабарды алысымен құтқарушылар оқиға орнына дереу жеткен.
Ауа райына қарамастан РЖҚЖ құтқарушылары 88 шақырымнан астам жүріп өтіп, Талғар ауданының Бутаков шатқалына барды. Олар жаяу олар Лесная асуына қарай көтеріле бастап, онда Украина азаматы болып табылатын адасқан ер мен әйел адамды тапты. Жастарға жылы киім мен шай берілді, содан кейін оларға қауіпсіз жерге түсуге көмектесті.
Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.