29.08.2025
02:29
787
ТЖМ қызметкерлері таудан түсе алмаған әйелді құтқарды

ТЖМ қызметкерлері таудан түсе алмаған әйелді құтқарды

Ақмола облысының 112 пультіне Бурабай ауданында әйел аяғын жарақаттап, Көкшетау тауынан өздігінен түсе алмайтыны туралы хабарлама жеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, таулы аймақты еңсергеннен кейін құтқарушылар теңіз деңгейінен 250 метрден астам биіктікте әйелді тауып, оны таудан аман-есен түсіріп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

 ТЖМ тауға шыққан кезде маршрутыңызды зерттеп, жақындарыңызға хабарлап, ауа райы болжамын тексеріп, байланыс құралдарын өзіңізбен бірге алудың қажеттігін еске салады.