11.05.2025
01:26
1237
ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 3 адамды құтқарды

ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 3 адамды құтқарды

Ақтөбе қаласында өрт кезінде төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үш адамды аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс орталығындағы Астана ауданында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде жиһаз жануы салдарынан өрт шықты.

Түтін басқан подъездден өрт сөндірушілер 3 адамды құтқарды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

ТЖМ тарапы бұл ретте ел тұрғындарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.