29.11.2024
16:50
1080
ТЖМ қызметкері Азия рекордын орнатты

ТЖМ қызметкері Азия рекордын орнатты

Шымкент қаласында спорттың күштік түрлерінен Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында ТЖМ қызметкері Азия рекордын орнатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Чемпионатта республиканың түкпір-түкпірінен келген 937 адам жарысты.

Осы спорттық жарысқа ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өрт-құтқару және дене дайындығы кафедрасының оқытушысы азаматтық қорғау майоры Виталий Вадимович Ромащенко қатысты.

Жоғары оқу орнының қызметкері 100 кг салмақ дәрежесінде күштік спорттың  6 түрі бойынша 6 алтын медаль жеңіп алды.