ТЖМ құтқарушысы мамонт сүйегін тапты

ТЖМ құтқарушысы мамонт сүйегін тапты

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Есіл өзенінің жағасында демалу кезінде ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Әсет Шайкин кездейсоқ палеолит дәуіріндегі мамонтқа тиесілі болуы мүмкін ұзындығы бір метр болатын сүйек тауып алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ТЖМ мәліметінше, ол олжаны өзіне қалдырмай, бірден мамандарға хабарлады. Ғалымдардың айтуынша, бұл оның еліміздің тарихи мұрасын сақтауға қосқан үлесі. Археологтар сүйектің расымен де көне жануарға тиесілі екенін растады және бұл олжаның ғылыми құндылығы жоғары екенін атап өтті.

Археологтар емес, қазақстандық ТЖМ құтқарушысы тапқан бұл тосын жаңалық ғылыми ортада үлкен сенсация тудырды. Бұл бірегей олжа Солтүстік Қазақстан тарихының жаңа бетін ашуы мүмкін.