ТЖМ құтқарушылары тікұшақпен 10 жасар баланы эвакуациялады

8 Қыркүйек, 20:25 326

112 пультіне туристерден қоңырау келіп түсті, олар баланың жартастан құлағанын байқаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Алматы облысы Қарасай ауданы Проходное шатқалындағы Терра алаңында болған.

ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы шақыру орнына келіп, баланың құлауы салдарынан бұғанасының жабық сынуы, бас жарақаты және көптеген дене жарақатын алғанын анықтады. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, шұғыл ауруханаға жатқызу қажеттілігіне байланысты тікұшақты көтеру туралы шешім қабылданды.

"Қазавиақұтқару" тікұшағы борттағы Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірге оқиға орнына жедел ұшып кетті.

Баланы бортқа көтеріп, Боралдай әуежайына эвакуациялады.

Зардап шегушіні АМҚ автомобилі аураханаға алып кетті.

Зарина Арман
Бөлісу: