Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылар Алматы облысында тау басында адасып кеткен 20 жастағы жігітті аман құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қатты жаңбыр, қалың тұман және шектеулі көрініс түрінде болған ауа-райының қолайсыздығына қарамастан құтқарушылар туристті тауып, оған қажетті көмек көрсетіп, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, елді мекенге жеткізді. Өтініш беруші медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.