ТЖМ құтқарушылары ресейлік әйелге көмектесті

2 Қаңтар, 18:45 484

Қарағанды қаласында «Триада» зиратының маңында қар құрсауында автокөлік тұрып қалды.

ТЖМ қызметкерлері автокөлікті сүйреп шығарды. Көлікте 1964 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы болды. Оған медициналық көмек қажет болмады.

Мен ТЖМ қызметіне өте ризамын. Мен ата-анамның жатқан жеріне бара жатқанмын. Мен өзім Ресей азаматшасымын. Көлігім қарға батып қалды. Жігіттер тез келіп, мені және менің өмірімді құтқарып қалды. Көп рахмет, - деді шетелдік әйел.
Перизат Саденова
Бөлісу: