09.11.2024
20:08
860
ТЖМ құтқарушылары Қарағандыда жоғалған балықшыны тапты

ТЖМ құтқарушылары Қарағандыда жоғалған балықшыны тапты

Бүгін Балқаш қаласының 112 пультіне Балқаш көлінің «Ақ тас» ауданындағы жағалаудан 12 шақырым қашықтықта балықшының қайығы бұзылып қалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тез арада Жедел құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына шықты.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында балықшы құтқарылып, жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.